«Неге үнемі мені зорлап кете береді»: Үшінші мәрте қорлық көрген қыз бастан кешкен оқиғасын айтып берді

Бұл туралы ұйым жетекшісі Дина Смаилова (Тансари) айтып берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Бірде мен бір әйелмен сөйлестім. Ол сенім телефонына жасырын нөмірмен хабарласып, бір сағаттан артық жанын жегідей жеген ішкі азабымен бөлісті. Ол өмірінде үшінші мәрте зорланғанын және бір де бір рет полицияға шағымданбағанын, ешкімге айтып қорлық көрсеткендердің сазайын бермегенін күйіне отырып айтты. Тек жылай беретінін, іштегі дертті дәрімен ғана басып отырғанын, бұған қоса психотерапевтке баратынын, әзірге одан де ешқандай көмек болмай тұрғанын жайып салды.

«Неге мен, неліктен мені ғана зорлап кете береді», деген сұрақты қойды. Бұл сауалды біздің қорғауымыздағы тағы бірнеше әйел де қойды, деп жазды Дина Тансари.


Себебі, бірінші зорлық оқиғасын тоқтатпадың, жазаламадың, мінез көрсете алмадың. Өйткені сен әлі күнге дейін өзіңді ғана кінәлап келе жатырсың. Қылмыс жасалғанын көрмейсің, деп жауап беріпті "Не молчи" ұйымының жетекшісі.

Сондықтан үнсіз қалмаңыздар, соңына дейін барыңыздар деді Дина Тансари