"Негізі бір нәрсе болайын деп жатыр": Желіде бидай алқаптарына өртті лупа арқылы қойды деген видео тарады

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

saryagashcity парақшасында жүктелген видеода жұмысшылардың бидай алқабы арасынан луппа тауып алғанын көруге болады.

"Мына қарашы өртенген. Кім қойған? Барлық жерді анықтап қарап шығу керек", дейді ондағы адамдар.  

"Негізі бір нәрсе болайын деп жатыр. Әр жерді өртеп қазақтың назарын аударып жатыр", "Қазақтың жерін қазақ өртегеннен кейін бітті емес пе?", "Осылай бәрін қымбаттатпақ ойлары бар", деп оқырмандар түрлі болжамдар жасады. 

Айта кетейік, видеоның нақты қай жақта түсірілгені белгісіз.  


https://www.instagram.com/reel/CiMwsTDqjJ2ilhcq66Xy9z1f6wDi44r640EGyA0/?igshid=YmMyMTA2M2Y=