“Неке қиғаннан бері ешқайда шықпаймын”: Пәренже киген блогер күйеуінің тыйымын айтып желіні шулатты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Блогер парақшасында бетін жасырып жүретінін, неке қиғалы бері тек күйеуінің рұқсатымен шығатынын жазды.

”Ең бірінші тұрмысқа шығатын кезде күйеуім маған осы заттарға қатаң тыйым салған:

1. Ешқайда оның рұқсатынсыз шықпау. Неке қиған күннен бері, оған айтпай ешқайда шықпаймын. Тіпті, үйдің астындағы дүкенге де айтып кетемін. Ол басқа жақта жүрсе, хабарласып, айтып, ескертіп сосын шығамын. Қай елде, қай қалада жүрсек те, рұқсатсыз шықпаймын. Исламда: әйел адам ерінің рұқсатынсыз ешқайда шығуына болмайды.

2. Тұрмыс құрған кезден бастап: инстаға түрімді жауып саласың” деді. Иә, мен блогермін, сабақ өткізетінмін. Инстаны белсенді жүргіземін. Бірақ 3 жыл болды, түрімді көрсетпей жүргізіп келемін. “Қызғанамын”, инстадан басқа ер адамдар көргенін қаламаймын деп. Келістім. Өзімді салатын болсам, тек бетімді жауып саламын. “Өзіңді де салмашы” деп жүр, көреміз. Дінімізде ер адамның әйелін орынмен қызғануы дұрыс.

3. Иіс су сыртқа шығарда мүлдем қолданбаймын. Үйде өте көп парфюмерім бар. Ешқайда, мүлдем, тіпті, туыстарға барсақ та, парфюм сеппеймін. 3 жыл болды, тек үйде себемін.

4. Ол жоқ кезде үйге бөтен ер кісі кіруіне болмайды”, - деп жазды пәренже киген әйел.

Желі оқырмандарының пікірі мынадай болды: