Нелли Щербакованың тәлімгерлері Азия ойындарының алғашқы кезеңін сәтті өткізіп жатыр


Нелли Щербакова жаттықтыратын қазақстандықтар бұл жолы үндістандықтарды (25-18; 25-9; 25-10) ойсырата ұтты. Бүгін олар ақырғы ойынын Жапония құрамасымен өткізеді. Жеңіліссіз келе жатқан бұл екі команданың кездесуінен кейін В тобындағы көшбасшы анықталады. Қазақстандықтар бұған дейін Мальдивы мен Үндістаннан келген құрдастарынан - 3:0, тайпейліктерден - 3:1, ал Солтүстік Корея волейболшыларынан 3:2 есебімен басым түскен еді. Жапондықтар болса кореялықтарды, үндістандықтарды, мальдивылықтарды - 3:0, ал тайпейліктерді 3:2 есебімен ұтты.