Оны тамашалауға Елорда тұрғындары мен Оңтүстік Африка Республикасы Елшілігінің өкілдері келді.
«Бостандыққа ұзақ жол» деп аталатын фильм Манделаның өмірбаянына негізделіп түсірілген.
2,5 сағатқа созылған туындыда саяси қайраткердің қайшылыққа толы ғұмыры мен ел басқарудағы біліктілігі баяндалады.
Айта кетейік, 18 маусым - Манделаның туған күні. Сондай-ақ, биыл, Оңтүстік Африка Республикасының тәуелсіздік алғанына - 20 жыл.