Немерелерін бағатын әжелерге жалақы төленеді


Бұл жайында Trend ақпарат көзі хабар таратты. 

Түркияның еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мехмет Муаззиноғлының айтуынша, әлеуметтік әрі отбасылық маңызы зор аталмыш жоба ағымдағы жылдың наурыз айында іске қосылады. Жобаны қолға алудағы мақсат әйелдерді  жұмыспен қамтамасыз етіп, толық жұмыс күніне ауысуға мүмкіндік тудыруға саяды. «Жоба төрт провинцияда басталады, бастапқы кезеңде 5 мың отбасы қамтылады. Алты айдан кейін сараптаманың нәтижесіне қарай Түркияның басқа да провинцияларында жүргізіледі», - деп айтылған хабарламада. Белгілі болғандай, әжелердің еңбекақысы ең төменгі жалақының 30%-ын құрайтын болады. Түркияда ең төменгі жалақы 2017 жылы 1404 түрік лирасын құрайды. Түркия статистикалық институтының дерегіне сүйенсек, елде әйелдердің 33%-ы жұмыс істейді.