Неміс ғалымы майя тайпасының жоғалып кеткен алтынын тапты

Ғалымның айтуынша, майя тайпасы өз заңдарын жазған 2156 алтын тақташа Гватемаладағы Исабаль көлінің астында көрінеді.

Көмбені ол, Колумбқа дейінгі Американың сақталып қалған кітаптарының бірі - Дрездень кодексін зерттеу кезінде тапқан. Енді ғалым Гватемалаға экспедиция жасау үшін демеушілер іздестіруде.