Неміс кәсіпкерлері Қазақстанмен серіктестік қатынас орнатқысы келеді

Германия кәсіпкерлерінің үлкен делегациясы Қостанай облысының басшылары және кәсіпкерлерімен кездесіп, қарым-қатынас орнату үшін келді. "Қазақстан Германия үшін стратегиялық маңызы бар мемлекет. Қазақстан Германияға экспорттайтын мұнай көлемі жағынан 5 орында", - деді Германияның экономика және технология министрлігінің өкілі Франк Файзиг Қостанай кәсіпкерлерімен өткен кездесуде".

Неміс кәсіпкерлеріне ЖЭО құрылысы мен ауылшаруашылық машина жинау жөнінде, сондай-ақ, іске қосылған және дайындалып жатқан инвестициялық жобалар жайында ақпарат айтылды.

Кездесуге металлургия, тау-кен өндірісі, көлік, авиация, білім беру, ауыл шаруашылық, энергетика және құрылыс салаларының өкілдері қатысты.

"Кәсіпкерлер арасында нақты қолға алынатын жобалар жөніндегі мәселе түстен кейін, жабық есік артында талқыланады", - деп хабарлайды облыстық департаменттің баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті