Видео авторы Ресей мен Украинадағы қандастарын да көргенін айтады, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі. Оның ойынша, солардың арасында ең мейірімдісі, ең қонақжайы Қазақстандағы немістер екен. Өйткені олар осындай жақсы қасиеттердің бәрін қазақтардан үйренген.
"Қазақтар біздің жер аударылып келген ата-бабаларымызға қамқор болды, нанын бөліп берді. Анау чешендерден, татарлардан, Балтық елдерінің өкілдерінен сұрап көріңіз. Кезінде Қазақстанға депортацияланған өзге ұлттардың 90 пайызы аман қалған. Кеңес одағының сарбаздары оларды азап лагерьлеріне жіберді. Ал қазақтар солардың балаларын бағып-қақты. Біз осының арқасында аман қалдық. Бірақ қазақтар ешқашан осындай ұлы халықпыз деп кеудесін соққан жоқ. Олар ресейліктер сияқты емес. Қазақстанда туып-өскен бір досым Ресейге көшіп барған ғой. Сөйтсе, оған жергілікті тұрғындар күн көрсетпей қойыпты. Балаларына тиісіп, ақыр аяғында үйін өртеп тынған. Сөйте тұра ондағылар өздерін ұлы халық санайды, ал қазақтарға мұрын шүйіре қарайды. Жоқ. Меніңше, нағыз ұлы халық - қазақтар" деп ағынан жарылады неміс ұлтының өкілі.