Непал тауларында жолаушылар ұшағы жоғалып кетті

Сәрсенбі күні Непалда жкішігірім жолаушылар ұшағы із-түссіз жоғалып кеткен бұл туралы жергілікті билікке сілтеме жасай отырып «Ассошиэйтед пресс» агенттігі хабарлады.


Ұшақ Tara Air әуе компаниясына тиесілі. Компания өкілі танымал туристік бағыт бойынша Покхарадан Джомсомға аттанған ұшақтың таулы аудан кеңістігіне енгеннен кейін жоғалып кеткенін растады.
Ұшақ бортында 18 жолаушы мен экипаждың үш мүшесі, барлығы 21 адам болған.