Непалда қаралы күн жарияланды


"Біз осы жер сілкінісі кезінде опат болған непалдықтарды, шетелдік бауырларымызды, қарттар мен балаларды еске алу үшін бүгіннен бастап үш күндік аза тұту жариялаймыз", - деп сейсенбі күні премьер-министр Сушил Коирала хабарлады.
Ол Непалға көмек көрсетіп жатқан елдерге алғыс білдірді.
Сенбі күні Непал астанасына жақын маңда 7,9 балдық жер сілкінісі болды.  Салдарынан бес мыңнан астам адам көз жұмды.