Жарнамасы жер жарған «Kaspi bank» өкілдері қазір сот табалдырығын тоздырып өз аттарын ақтап алу үшін бас қайғы болып жүр. 39 клиент банктің өздерімен жасасқан келісім-шартын жоққа шығаруды талап етуде. Тынышы кеткен тараптың сөзін сотта Ермек Нарымбаев сөйлеуде. Бұл салада ол суда жүзген балықтай, жуырда ғана басқа бір банктен сот арқылы 3 миллион теңге өндіріп алған болатын. «Kaspi bank»-тің де сілікпесін шығарып сілкілеуге бел буған ол, қаржы ұйымы қараша несие алуға келгенде келісім-шарттың толық нұсқасын көрсетпей алдағанын айтады.
Ермек Нарымбаев, қоғамдық белсенді:
10-25: Біз Каспий банктің өз клиенттеріне неге несие келісім-шартының толық 48 парағын көрсетпей тінін білгіміз келеді. Өйткені банк тұтынушыға тек бірінші бетін көрсетіп қол қойдырып алады. Дәл сол ел көзінен таса қалған жерлерде несиенің үстемақысы 100-150 пайыз екені анық көрсетілген. Бірақ банк оны елден жасырып қалуда.
Клиент үшін қақпанға айналған несие карталарыдейді Нарымбаев.Айтуынша, мұндағы жылдық үстемақы 113 пайыз, ал негізінде56-дан аспауы керек екен. Ал алатын комиссиялары «Kaspi bank»-тің қомайлығына куә деп іреп салды шағымданушылар. Тіптен несие алған адам қанша жыл қарызын төлесе де негізгі несие өзгеріссіз қалады екен. Оның үстіне банк клиенттің келісімінсіз үстемақыны өсіре береді дейді Нарымбаев. Алайда қаржы ұйымының басшылар мұның барлығы жала деп отыр.
Сабыржан Беркінбаев, «Кaspi bank» атқарушы директоры:
-Банктің пайыздық үстемесі де, басқа ақпараттарда клиент қол қойған келісім-шартта көрсетілген. Басылым беттерінде, ақпарат құралдарында да біздің банктің қызметі ашық жазылған. Қай тұста қанша үстемақы болатыны. Және келісім-шартты тұтынушы талап етсе біз толықтай қолына ұстатамыз.
-«Kaspi bank»-тің ісін Нарымбаев бастаған топ аяғына дейін жеткізіп бел кеткенше беріспейміз деп отыр. Тіптен елді аралап банкке алдандық деген ағайыннан қол жинауда. Дегенмен қоғам белсендісі қаржы ұйымымен арадағы істі жылы жабуға дайын. Тек «Kaspi bank» айыбын мойындасын деп отыр. Әзірге сот 39 клиенттің келісім-шартын толық тапсыруды сұрады. Келесі сот отырысы 21 қаңтарға белгіленген.