Несиесін жабу үшін өзінің қайтыс болғаны туралы куәлік алған

 Бұл туралы сәрсенбіде ҚР ІІМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады КирТАГ.

Жалалабад ІІБ 5-бөлімінің қызметкерлері Шатқал ауданының прокуратурасымен бірлесіп жедел-іздестіру шараларын жүргізген кезде Шатқал аудандық АҚАЖ маманы қызметін теріс пайдаланған факті анықталды.

АҚАЖ-дың басшы буын қызметкерінің РФ азаматы,  Жалалабад облысының тумасы А.З. қайтыс болғаны туралы куәлік жазып, ресми құжатқа өзгеріс енгізгені анықталды.

Сонымен бірге азаматша  А.З. аман-есен екендігі, куәлікті несие жабу мақсатында алғандығы белгілі болды.   


Аталмыш факті бойынша ҚК 304-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.