Неткен романтик: Арман жары Ашаның 30 жасына естен кетпес тосынсый жасады

Аша желідегі парақшасы арқылы Арманның өзіне жасаған сыйын көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Арман Қоңырбаев Ашаны таңғалдыру үшін бөлмені жүрек пішіндес шарлармен безендіріп, жерге роза гүлінің жапырақтарын шашқан. Сондай-ақ, романтик күйеу бөлмені Ашаның суреттерімен толтырған. Бұл орайда Ашаның өзі:

“Арман қалжыңдап: – Мен маньякпын, сені соншалықты сүйемін, – деп айтады”, – дейді.

Желі қолданушылары Арманның бұл қылығына қызыға да қызғана қарап, Ашаны туған күнімен құттықтап жатты.

“Аша, Арман екеуің бақытты болыңдар, күшті романтик екен”, “Біздің күйеу шар түгілі гүлдің өзін ұмытып кетеді”, “Асылым көз қуаныштарың болып өсе берсін”, “Енді ұлды болыңыз”, – деп жазды олар.