Бүгінде 30 көшбасшы елдер қатарынан берік орын алуға ұмтылған қазіргі Қазақстан үшін Мемлекет басшысының ядролық қаруға қарсы бастамалары кең перспективалар ашуда, деп хабарлады 24.kz.
Қырғи-қабақ соғыс жылдарында пайда болған Семей полигоны аса қуатты қарудың жүздеген сынақтарын басынан кешірді. Олардың бәрі де өте құпия жағдайда жүргізілді. Жергілікті тұрғындар ғана сәт сайын қорқыныш пен жерүсті, ал кейіннен жерасты жарырылыстарының салдарын сезіне бастады. Коммунистік партияның Орталық Комитеті әрқашан да жерасты жарылыстарының қауіпсіз екендігін айтумен келгенмен, 80-шы жылдардың соңында шындықтың беті ашылды.
«Әрбір жарылыстан кейін жер астындағы сызаттардан газ әуеге жайылып, бірнеше ондаған шақырымдарға созылған қалың бұлт пайда болған, олар шопандар ауылдарына қарай ойысқан. Бұл жолы желмен ығып кетеді деп есептелген бұлт әскери қалашық пен Семей қаласына қарай бет алған», деп атап өтті «Невада -Семей» халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалыстың көшбасшысы Олжас Сүлейменов. Бұл шындықты Олжас Омарұлына айтқан армиялық авиация ұшқышы болды. Сол күні оның отбасы тұрып жатқан әскери қалашықты улы бұлт басты. Сол кезде жаңадан құрылып жақан қозғалыс белсенділіері КСРО Жоғарғы Кеңесіне хат жазу керек деп шешті. Бұл ол кезде өжет қадам болатын.
«Біз жауап хат алдық, онда бәрі ойдағыдай, кәдімгі жағдай, ешқандай шығарынды болған жоқ деген сыңайда жазылған. Содан кейін екінші жарылыс болды. Сол кезде мен теледидардан сөз сөйледім. Маған алғаш рет Жоғарғы Кеңестің депутаты ретінде тікелей эфирге рұқсат берді», - деп мәлім етті Олжас Сүлейменов.
Осы сөзден кейін белсенділерді мыңдаған қазақстандықтар мен басқалар да қолдады, деп еске түсіреді Олжас Омарұлы. Алматыға АҚШ-тан делегация келді. Қала көшелерінде бүкіл әлемде ядролық сынақтарды тоқтатуға шақырған бұқаралық шеру өтті. Осы күннен бастап қозғалыс халықаралық мәртебеге ие болды. «Семей полигонының жабылуы қырғи-қабақ соғыстың аяқталуының басты символы болды, - деп атап көрсетті «Невада - Семей» Халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалыс көшбасшысы. - Бұл символға Америка да үн қатты. 1991 жылы Семей полигоны жабылды, 1992 жылы Америка Невададағы өз полигонында сынақтарын тоқтатты. Одан әрі барлық полигондар тоқтады»,
Осы атаулы күнге байланысты Қазақстанның барлық қалаларында конференциялар, бейбітшілік сабақтары өтеді, қазақстандық ядролық қарусыз әлем бастамаларын насихаттау мақсатында кітаптар шығарылады. Ал оның қорытындысымен Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың және көптеген мемлекеттер дипломатиялық миссиялары өкілдерінің қатысуымен халықаралық конференция өтеді.
Бүгінде 30 көшбасшы елдер қатарынан берік орын алуға ұмтылған қазіргі Қазақстан үшін Мемлекет басшысының ядроға қарсы бастамалары кең перспективалар ашуда.