"Невада-Семей" халықаралық ядролық сынақтарға қарсы қозғалыстың 15 жылдығына орай Семейдегі тарихи-өлкетану мұражайында көрме ашылды

"1961-1962 жылдар аралығында небәрі 2 жыл ішінде 68 сынақ жүргізіліпті. Тіпті 1962-жылдың қыркүйек айының өзінде 15 жарылыс болған. Сонда ядролық қару 2 күн сайын жарылып отырды. Мұны халыққа жасалған қастандық, зұлымдық деп ойлаймын. Халықтың ашу-ызасы осы қозғалыстың пайда болуына ықпал етті",-деді тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері Фарида Жаханқызы.

Семейдегі тарихи-өлкетану мұражай бұрынғы Семей полигонына қатысты құжаттарды 1980 жылдан бері жинап келеді. Кезінде жарияланбаған, құпия болған деректердің 700 ден астамы осы мұражайда сақтаулы. Олардың бірқатары "Невада-Семей" қозғалысына арналған көрмеден орын алды.