Ни айтса, қалт айтпайды немесе Жазира Жаппарқұл тарихқа түзету енгізе ме?

Бұған дейін қазақта қыздар арасынан олимпиада чемпионы немесе жүлдегері болған ешкім жоқ. Ең үздік көрсеткіш Әлия Юсупова көркем гимнастикадан 5-орын алған. Сондықтан бүгін Жазира тарихқа түзету енгізеді, деді спорт журналисі Рауан Оқас Caravan.kz тілшісіне.

«Жазира Жаппарқұлдың әлеуеті мықты. Соңғы екі әлем біріншілігіне қатысып, күміс жүлде еншіледі. Бұл жолы негізгі екі бәсекелесі допинг дауына ілігіп келмей қалды. Тек қана қауіпті бір қарсыласы қытайлық қыз бар. Сондықтан чемпион атануға барлық мүмкіндік бар»,- деді Р. Оқас.

Алексей Нидің отставкаға кетуін талап етіп жүрген Рауан Оқас әйтседе оның философиясын түсінбейтінін айтады. 6 олимпиада, 18 әлем біріншілігіне қатысқан Ни мырза үнемі легионерлермен жұмыс істеуді жалғастырып келеді.

«Екі қытайдың орнына басқа спотшыларды апаруға болар еді. Сейілхан Әбубәкіров немесе ауыр салмақтағы қазақ жігіттері бар. Ауыр атлеттердің ішінде жетім балалар көп. Олар қаншама өмірін арнап жүр. Мысалы балалар үйінен шыққан Елесеева мен кешегі Карина Горичева аламанға бармас еді, егер Подобедова мен Мая Манезалар допинг дауына ілікпесе»,- деп күйінеді спорт журналисі.

Ал төртінші орынға іліккен Арли Чонтейдің не үшін жүргені тіптен түсініксіз. Қазақстанға көшіп келгеніне 5 жыл өтседе бір де бір жетістіке жетпеген.

Егер оның жарыс жолына үңілсек мынандай жағдайды көреміз:


Азия чемпионаты (2013 жыл. 6 - орын), Универсиада (2013 жыл. 4-орын), әлем чемпионаты (2013 жыл. 6-орын), әлем біріншілігі (2014 жыл. 6-шы орын), Азия ойындары (2014. 7-орын).

Р. Оқастың айтуынша, бірде бір медаль сыйламаған оны не үшін асырап отырғанымыз түсініксіз. Бұлай жалғаса беруге болмайды. Әйтседе, легионерлердің жаттықтырушысы Алексей Нидің туған інісі екенін ескерсек, Ни әулетінің ауыр атлетиканы бизнес көзіне айналдырғанын түсінуге болады, деді спорт журналисі.

«Ни айтса, қалт айтпайды», дейді белгілі спорт сарапшысы Есей Жеңісұлы.

Ол Нидің бүгінгі сөзі шындыққа жанасады дегенді құптайды, Горичеваның да Харкейдің жетер жері сол деді. Яғни ол бар мүмкінгі ары кетсе қола немесе үшінші төртінші орындар екенін Алексей Ни жақсы білді.

«Алексей Ни Лондондағы жеңістен соң әлем менің төрт алтын алғанымды кешірмейді дегенді айтқан болатын. Жаман айтпай жақсы жоқ, айтқаны келді. Спортшыларымыз допинг дауына ілікті» деді Е. Жеңісұлы.

Ендеше бүгінгі болжамы да шындыққа ұласады.