Ниагара сарқырамасы алып мұз үйіндісіне айналды


Туристер өз көздерімен мыңдаған тонна тартатын табиғаттың тамаша туындысы -Ниагара сарқырамасының алып мұз сүңгілеріне айналған түрін көру үшін ағылып келіп жатыр, деп хабарлайды USA Today.

Сарқырамадағы ауа температурасы  тіпті 22 градусқа дейін төмендеген. Ал сенбі күні 11 градус суықтықты көрсетті. Дегенмен күннің бұлай суытуы жұртқа бөгет жасай алмай отыр. Айта кетер жайт, жылда қыстың аяғына таман мұнда келушілердің қарасы аз болатын.