Кешегi жарыс күнiнде Garmin-Sharp командасының велошабандозы литвалық Рамунас Навардаускас жеңiске жеттi. Тарвизио мен Вайонт қалалары арасын қамтыған 184 шақырымдық қашықтықты екiншi болып Даниэль Осс бағындырды. Италиялық Стефано Пирацци көмбеге үшiншi келдi.
Бұл жарыста қалың топпен бiрге келген Нибали әлi де болса көш тiзгiнiн қолдан шығарған жоқ.
Бүгiнгi кезеңде спортшылар тегiс жолды қашықтықта бақтарын сынайды. Лонгаронеден Тревизоға бағыт алатын олар 127 шақырымды жүрiп өтулерi тиiс.