Екі спортшы да доданы ары қарай жалғастыра алмайды. Бұл жағдай Astana Pro Team командасының және "Джиро дИталия" көпкүндігінде көш бастап келе жатқан оның капитаны Винченцо Нибалидің жалпы есепте жеңіске жетуіне қосымша мүмкіндіктер береді.
Былтыр Хешедаль «Джиро» жарысын жеңіп алған болатын. Биылғы доданың жалпы кестесінде ол 38-орында келе жатқан болатын. "Тур де Франс" супер көпкүндігінің жеңімпазы британиялық велошабандоз Уиггинс жарыс барысында 12-орында келе жатты.
Еске сала кетейік, "Джиро дИталия" көпкүндігінің 12 кезеңі бойынша Винченцо Нибали бірінші орында келеді.