Ниццадағы теракт кезінде жоғалған сегіз айлық бала Facebook арқылы табылды

Тобыр арасында сәбиінен көз жазып қалған Тиава Баннер (Tiava Banner) әлеуметтік желі қолданушыларынан көмек сұраған.

«Біз 8 айлық сәбиімізді жоғалтып алдық. Ниццадағы достар, егер сәбиді көрген болсаңыздар, тауып алсаңыздар, маған хабарласыңыздаршы», - деп жазған Тиава Facebook парақшасына.

Оған бейжай қарамаған желі қолданушылары баланы тауып берді.

 «Facebook-ке рақмет, бізге қол ұшын созған, қолдау білдіріп хабарлама жазған адамдарға рақмет!» - деп бақытты ана жаңа пост жазған.


Сол мезетте жергілікті "Nice-Matin" (Ницца таңы) басылымы бейсенбі күні кешке 54 баланың қалалық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.