Нидерландтық компаниялар ЭКСПО-2017-ге қатыспақ

Бұл жиынға Нидерландтың «Shell», «Philips» және «DSM» сынды ірі компаниялары атсалысып, көрмеге қатысу мәселелерін талқылады.

«Біз Нидерланд елі ЭКСПО-2017 көрмесінің қатысушыларының бірі болады деп ойлаймыз. Себебі бұл ел - әлемде баламалы энергия көздерін қолданатын алдыңғы қатардағы елдердің бірі», - деді Рәпіл Жошыбаев журналистермен кездесуінде.

Оның айтуынша, ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбы «Болашақ энергиясы» деп аталуының өзі Нидерланд елінің бизнесмендерінің қызығушылығын оятқан. Олар астанада өтетін көрмеге өздерінің заманауи озық технологияларын әкелуді көздеп отыр.