Нидерландының 10 компаниясы «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатыспақ

Бұл туралы «ЭКСПО-2017» комиссары Рапиль Жошыбаевтың Нидерланды Корольдігіне сапары барысында мәлім болды. 

Нидерланды мемлекеті - Қазақстан экономикасындағы ірі инвесторлардың бірі. Еуропа елінен бізге құйылған қаражат көлемі 56 миллиард АҚШ долларын құрайды. 

Алдағы уақытта бұл әріптестік одан әрі нығаймақ. «ЭКСПО-2017» комиссары Рәпіл Жошыбаев Нидерланды үкіметі өкілдері және өнеркәсіпшілер мен жұмыс берушілер конфедерациясының жетекшілерімен кездесуде осы тақырыпты өрбітті.  Тараптар екі мемлекет арасындағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастық деңгейінің жоғары екендігін ерекше атап кетті, деп жазады khabar.kz

Сондай-ақ жасыл экономика мен жаңа технологияларды дамытудағы өзара әрекеттестік жайлы әңгіме қозғалды.