Нигер мен Чад «Боко Харамға» қарсы арнайы операциясын бастады

Олар операция барысында әуе және бронды техниканы қолданбақ. Жұма күні Африка одағы аталмыш ұйымға қарсы шабуыл жасау үшін 8 мың жауынгері бар әскери күш құруды мақұлдады.

Іс жүзінде Чад, Камерун және Нигер бірнеше жыл бойы Нигерияда орын алған жағдайға көмек қолын созып келеді, деп жазады khabar.kz.