Нигерияда 160-тан астам адам "Боко харам" тобының тұтқынынан босатылды


Британдық ақпарат құралдарының хабарлауынша, операция кезінде кепілдікке алынғандардың бірі көз жұмған.  Тағы сегіз адам, сонымен қатар, бір жауынгер мен төрт сарбаз жарақаттанды.
Тұтқыннан босатылғандар арасында 60 шақты қыз-келіншек пен 100-ге жуық бала бар.
Бірақ олардың арасында өткен жылдың сəуір айында ұрлаған қыздардың бар-жоғы белгісіз.
Аmnesty International ұйымының хабарлауынша, былтыр жыл басынан бері аталған радикалды топ мүшелері 2 мыңға жуық қыз бен əйелді ұрлаған.