Қаскөйлер нысана ретінде орталық базарды таңдапты. Айт мерекесі кезінде мұнда адам қарасының көп болатынын қаскөйлер алдын ала жоспарласа керек. Жарылысты елдің солтүстігі мен шығысында топтасқан «Боко харам» ұйымы жасаған. Ислам атын жамылған лаңкестер бірнеше жылдан бері Нигерияда халифат құрамыз деп даурығып жүр. Бұл ұйым соңғы кезде тіпті Нигер, Камерун мен Чад аумағында да тым белсенді. Лаңкестердің әбден шошып қалған Камерун билігі елдің солтүстігінде паранжа киюге тыйым салыпты. Себебі өткен жексенбіде мұнда тұмшаланып алған екі әйел өз-өзін жарып, 11 адам қаза тапқан болатын.
Loading...