Нигериядағы жарылыс құрбандарының саны 118 адамға жетті

Алғашқы жарылыс халық көп жиналған базарлардың бірінде, екіншісі жақын маңдағы госпитальда болған.

Құтқарушылар қаза тапқандар саны алдағы уақытта өсуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Өйткені, көптеген адамдар жойқын жарылыс кезінде құлаған үйлердің астында қалып қойған болуы мүмкін.

Жарылыс үшін жауапкершілікті әзірге ешкім өз мойнына ала қойған жоқ.


Нигерия президенті Гудлак Джонатан шабуылды қатаң сынға алды және терроризмге қарсы күресті алдағы уақытта да жалғастыратынын мәлімдеді.