Нигериядағы жарылыс салдарынан құрбан болғандар саны 30-ға жетті

Телеарна мәліметінше, жарылыс кезінде зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілгеннен кейін көз жұмған. Бұған дейін 28 адамның қаза тауып, 83 адамның жарақат алғандығы хабарланған болатын.

Reuters агенттігінің мәлімдеуінше, базардағы жарылысты жанкешті-лаңкес жүзеге асырған.