Никель бағасы соңғы күндері арзандады

World Bureau of Metal Statistics талдау тобының мәліметтеріне сүйенсек, 2008 жылдың қаңтар - сәуіріндегі дүниежүзілік аршылған никель өндірісінің көлемі 5 пайызға, никельге деген сұраныс 7 пайызға төмендеген. Дүниежүзілік өндіріс көлемінің қысқаруының негізгі себебі Қытай мен Жапониядағы металл өндірісінің төмендеуімен байланысты орын алған.