Николя Саркози терроризмді исламмен байланыстырмауға шақырды


«Айыпты адамдар соттың қолына беріліп, қатаң жазалануы тиіс. Мұндай қатыгездікке абсолютті қаталдықпен ғана жауап беруге болады», - деді ол еуропалық ақпарат құралдарына берген сұқбатында.
«Біз бұған дейін қалай өмір сүрген болсақ солай тірлігімізді жалғастыруымыз керек. Айтқымыз келгенді айтуға тиіспіз. Халқымыз аза тұтып жатыр. Бұл Францияның жүрегіне тиген соққы болды», - деді Н.Саркози.
Сонымен қатар, ол француздарды терроризмды исламмен байланыстырмауға шақырды.