“Ninety one” тобы кезекті бейнебаяндарының тұсауын кесті (видео)

Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.

Осыдан бірнеше күн бұрын топ әлеуметтік желіде  баяндарының  тизерін жарнамалап жұртты елең еткізген-ді. Енді міне “Қайтадан” атты әнге түсірілген бейнебаян дайын болып үлгерді.

“Ninety one” Алматыдағы Грандпаркте тыңдармандарының басын қосып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мұнымен қатар, кеш барысында жаңа бейнебаяндарының тұсауын кесті.


Аталған әннің сөзі – Мұхамедқалиев пен Зенкаевке, ал әуені Бақытжанға тиесілі. Әзірге тыңдармандары туындыға тек оң бағасын берген.