Ninety One тобы жуырда киімдер топтамасын ұсынбақ

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“QG” (кьюджи) брендi – ыңғайлық пен стильге негiзделген, минимализм және sport casual стилiндегi жастардың әр күндік киiмi. Бренд жасаудың мақсаты – қол жетiмдi бағаға елiмiзде жасалған заманауи киiмдермен Қазақстан жастарын киiндiру.

QG маркасымен жейделер, бомберлер, көйлектер, рюкзактар, аксессуарлар және мектеп құралдары секiлдi күнделікті киiмдер шығарылатын болады. Брендтiң таныстырушысы Q-pop стилiнiң негізiн қалаушы – Ninety One тобы.


“Eaglez, біз жаңа кезеңге қадам басқалы жатырмыз. Сіздер бізбен біргесіздер ме? Сіздерді жылулық пен махаббатқа толы киімдерімізбен киіндіргіміз келеді. Арамыз тағы да жақындай түссе екен деген ниеттеміз”, – дейді Ninety One жігіттері.

Жігіттердің бұл жаңалығын естіген тыңдармандары қуанып қалды. Алдағы уақытта міндетті түрде аталған брендтің киімдерін сатып алатындықтарын жарыса жеткізді.