"Ninety One" тобының орындауындағы "ALL I NEED" әнінің сөзі

Сөзін жазғандар: Dulat Mukhametkaliev, Azamat Zenkayev

Әнін жазғандар: Batyrkhan Malikov, Daniyar Kulumshin, Ashmakyn Azamat, Dulat Mukhametkaliev, Azamat Zenkayev

[Шұмақ 1: ALEM]
Сау есімді ұрлайды оның қиылған... "ай сыйы"
Керім бәрінен сұлу, керім бәрінен сұлу
Оның... оның әр қимылын білемін, бірақ
келуге де қасына кедергілер көп сондай

[Алдыңғы Қайырма: BALA, ACE & ALEM]
Дегенмен ол айниды, менде (оһ)
менде дым жоқ байлайтын оны оңай
Тебірентіп, биге шақырайын десем
әдемі сөйлей алмаймын олай-оңай
"Ұмытайық жерді, одан биік алайық
бірден ғайып боп, қиялдарда аунайық":
деуге айтшы... деуге айтшы неге қиын?
Онымен билегім келеді...
Дегенмен ол айниды

[Қайырмасы]
Айниды, айниды өкпеге толы бұл бике
Айниды, айниды өкпеге толы бұл бике
Айниды, айниды өкпеге толы бұл бике
Айниды, айниды өкпеге толы бұл бике
Айниды, айниды өкпеге толы бұл бике
Айниды, айниды өкпеге толы бұл бике

[Шұмақ 2: A.Z.]
Манадан бері айтып едім сен жайында
Алдымнан атып шықтың енді қалды бәрі жайына
(Иә, иә!) Солай жайна, мен одан бері қайнайын
Қашан айналады екенмін деп сенің байыңа
(Иә, иә!) Сырт келбетіңе әңгімем жоқ
Бірақ шашыңның астындағысына менің күмәнім бар
Менен олай айныма, бәрібір қаша алмайсың болды
Өйткені саған түсіндіретін менің бір қу әнім бар!

[Алдыңғы Қайырма: BALA, ACE & ALEM]

Дегенмен ол айниды, менде (оһ)
менде дым жоқ байлайтын оны оңай
Тебірентіп, биге шақырайын десем
әдемі сөйлей алмаймын олай-оңай
"Ұмытайық жерді, одан биік алайық
бірден ғайып боп, қияалдарда аунайық":
деуге айтшы... деуге айтшы неге қиын?
Онымен билегім келеді...
Дегенмен ол айниды



[Қайырмасы]
Айниды, айниды өкпеге толы бұл бике
Айниды, айниды өкпеге толы бұл бике
Айниды, айниды өкпеге толы бұл бике
Айниды, айниды өкпеге толы бұл бике
Айниды, айниды өкпеге толы бұл бике
Айниды, айниды өкпеге толы бұл бике

[Bridge: ZaQ & A.Z.]
Мен ұқпаймын не ұнайды, тым қиын талдап көрсең
Біресе былай, біресе былай, менің жүрегім-Алдар Көсе!
Түйсігім дана көсем, "тек ми ісіткен бала өсер"
Сүйсінген адам өзіне-қисығын балап төзеді!
Құрттыңғо тағы! Құрттыңғо тағы!
Құлшынысым болды, сен құрттыңғо тағы!
Ойлама мені осал біреу деп, жылап, көз
сүртпеймін, мен жай істеймін dab!
Қиялдың бәрін кейін беремін үндеп..

Дегенмен ол айниды
Мен әр қылығын танимын
Бәрібір қоймаймын деймін
Ұялысын сұраймын, қазір ұялысын сұраймын
Дегенмен ол бермейді

[Соңы: ALEM]
Баяу менің көңілім кетті солып
Зая сенің өмірі ердім соңыңнан!
Тек қалап едім сол бір түнде
Аян келіп қылсаң!
Баяу менің көңілім кетті солып
Зая сенің өмірі ердім соңыңнан!
Тек қалап едім сол бір түнде
Аян келіп қылсаң!