Ерболат Беделханның шәкірттері «Су асты» атты бейнебаяндарының тұсауын кесті, деп хабарлайды Baq.kz.
Олар ұзақ үзілістен кейін, шашын бояп, қайта сахнаға оралды.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда танымал атышулы Ninety One тобы жайлы фильм түсіріліп жатыр. Айта кетейік, картина продюсері - актриса әрі әнші Әсел Сәдуақасова. Ал фильм режиссері - Асқар Ұзабаев. Ол «Гламур для дур», «Осторожно, корова!» және «Ғашық жүрек» фильмдерімен танымал.
Сонымен қатар даулы Ninety One тобы «Жыл таңдауы» концертіне сырғасыз келіп, би билемей қойған еді.