Н.Назарбаев 2018 жылға дейін мұнай өңдеу көлемін 17,5 миллион тоннаға жеткізуді тапсырды


«2018 жылға дейінгі мұнай-газ секторын дамыту бойынша кешенді жоспар қабылданды. Алға қойылған мақсат бойынша  біз мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өңдеуді 17,5 млн. тоннаға жеткізуге тиіспіз. Осылайша мұнай өңдеу 5 млн. тоннаға ұлғаятын болады. Ал мұнай тасымалдауды 98 млн. тоннаға жеткізу қажет. Сонымен қатар, газ тасымалы да 35 млрд. текше метрге жеткізілуі керек. Бұл экономикамыз үшін өте маңызды көрсеткіштер», - деп атап өтті ҚР Президенті Астанада өткен Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша Үкіметтің есебімен танысуы барысында.