Бұл емтиханнан құламай «А корпусына» өткен шенеуніктер. Биліктегілер де әскерилер секілді. Дәрежесі төмендері лауазымы жоғарылармен құрақ ұшып амандасып жатыр. Содан болар мансабы үлкен саяси қызметшілер алдыңғы қатарға жайғасқан. Ал төрдегі басты орынның иесі белгіленген уақыттан едеуір ерте келді. Мұнысын «ешқашан кешігуге болмайды» деп түсіндірген Елбасы ә дегеннен ресми жиынға бейресми сипат берді. Басқосуда алғашқылардың бірі болып самбодан әлемнің үш дүркін чемпионы қазір Батыс Қазақстан облысындағы, Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаров сөз алды. «А корпусына» өткенін мақтанышпен айқаны сол еді, президент оны қалжыңмен қағытты.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
- Бұрында мен бір боксер әкімді тағайындағам. Тілін алмай ашуланған кезде жағасынан ұстап, нокаутқа жіберетін. Сен қолдан алып жерге ұрып жүрме, самбо-самбо деп. Жарай ма? Табысты бол.
Осындайәзілден соң президент мінберге шығып сөз сөйлегендердің барлығын мұқият тыңдап шықты. Кейін күтпеген жерден протоколдан тайқып, жас қызметшілердің батылдығын тексеріп көрді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
- Дома сидели думали, вот бы увидел зал бы попросился не стесняйтесь. Вам видимо сказали сиди тихо...
Намыстанды ма әйтеуір, залдан екі шенеунік шықты. Олар тек алғыс айтумен шектелді. Ал сыннан сүрінбей «А корпусына» өткен жас әкім мен шенеуіктерге Елбасы нағыз шеберлік сабағын өткізді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
- Бір жерге адамды қойдың ол шыдай алмай кетіп қалып өзгеріп жүреді. Себебі өзін-өзі ұстай алмайды. Мемлекет қызмет деген – ол сөз табу, келісімге келу. Жұмыс істеу. Дегенмен өз білімін ойын іске асыру деген сөз.
Мемлекет басшысы дәріс тыңдаушыларға халықтың төлеген салығының арқасында күн көріп отырғандарын қадап айтты. Сондықтан «командалық» басқарудан арылып, жұртқа етене жақын болуды, сабылтып қоймай мұң-мұқтажына дер кезінде мән беруді жүктеді. Пәтер сұрап мазасын алатындармен қалай сөйлесу керектігін де үйретті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
- Жазушылар үлкен кісілер пәтер сұрайды. Мен оған айтам мен сізді жақсы білемін танымал адамсыз, өзімнің жеке қаражатымнан ақшамды берейін, қалғанын жинап алыңыз деймін. Баяғыдай мемлекеттің бекер беретін пәтері жоқ. Нарық пәтерді сатып алу керек. Жилстрой, аренда ипотека арқылы беріп жатырмыз ғой. Соған қатыссаң да алсын. Жоқ, менің еңбегім бар, Алматыдан да Астанадан пәтер беріңдер деп соғады.
Нұрсұлтан Назарбаев шенеуніктердің портретін де жасап берді. Ол қазіргі мемлекеттік қызметші түр-сымбаты келісті, сымдай тартылған, ұқыпты киінген, білімді, мәдениетті, өзін сыйлата білетін бастысы жұртты ұйыстыра алатын болуы тиіс деді. Ал шеберлік сағаты көтеріңкі көңіл күймен аяқталды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
- 1 января следующего года ваша зарплата будет повышаться 50 процентов.
Жалақыларың елу пайызға өседі дегенді естігендер 2 сағатқа созылған дәрістен күш жігерлері тасып шықты. Ал «А корпусына» іріктеу кезінде 30 пайыз құлағанын ескерсек, Елбасы бір ұпай ғана жетпей лауазымы төмендетілгендерге сынақты қайта тапсыруға мүмкіндік беру қажеттігін айтты. Ал шеберлік сабағы мұнымен бітпейді. Ертең «Нұр-Отан» партиясының сьезінде Нұрсұлтан Назарбаев шенеуніктерге алдағы уақытта немен шұғылдану керектігін айқындап бермек.