Бүгін Ақордада Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдар өкілдерімен кездесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
"Стратегия-2050-дің ұзақмерзімді міндеттерін ескере отырып, мен 2020 жылға дейінгі Қазақстанның сыртқы саясатының жаңа тұжырымдасын бекіттім. Бұл тұжырымдама ашық бейінге ие. Ол жалпыәлемдік трендтерді ескереді, бүкіл әлемдегі біздің серіктестерімізбен тиімді өзара іс-қимылдарына негізделеді", - деді ҚР Президенті.
Н.Назарбаевтың атап өтуінше, жаһандық экономикадағы ахуалда белгілі бір оң қозғалыстар байқалады. Болжамдар Еуропададағы, Америкадағы және басқа да елдердегі экономика өсімінің үдерісі қарқын алып келеді. Дегенмен әлемдік экономиканың циклдік сипатын да естен шығармауымыз керек әрі құлдырауға дайын болуға тиіспіз.