Н.Назарбаев: «Алматыда жолайрықтар саны биыл 13-тен 20-ға дейін өсуі тиіс»

Автокөлік санының артқанына орай көлік кептелісі қала өміріне кесірін тигізуі мүмкін деген Елбасы жоспарланған жұмыстардың уақытында атқарылуы қажет екенін жеткізді. Биылдың өзінде жолайрықтар саны 13-тен 20-ға дейін өссе, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін жоласты өткелдерінің құрылысы да жүргізілуі тиіс. Олардың барлығы қала сыртынан келетін көлік ағымын жеңілдету мақсатында қолға алынған. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан ашылған ірі сауда орталығына ат басын бұрып, 77 мың 800 шаршы метрден астам 3 деңгейлі заманауи орталықты қарап шықты. Сауда-ойын-сауық орталығында 1000 орындық амфитеатр, сондай-ақ түрлі арт-инсталляциялар орналасқан, ал орталықтың алдында конценттік алаң болса, ішінде 12 метрлік аквариум орын тепкен.


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Әкімшілік көп жұмыс жасап жатыр. Метро да салынып жатыр. Көшелердің түйіскен жерінде жолайрықтар да салынып жатыр. Көшенің көгерту, жолдардың жасалуы, барлығы халыққа деген қызмет болады. Сауда орталығының барлығы халыққа керек. Ешқайда бармай халық өздеріне керегін осы жерден алатын болады.