Н.Назарбаев Бразилия Президентін Қазақстанға келіп қайтуға шақырды

Кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ оны одан әрі кеңейту перспективаларын қарастырды.

Сонымен бірге, халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алысылды.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту мақсатында Д.Руссеффті Қазақстанға сапармен келіп қайтуға шақырды.