Н.Назарбаев ел алдына 2040 жылға қарай Қазақстанда жалпы көлемде шикізаттық емес экспортты үш есе ұлғайту міндетін қойды

Сондай-ақ ел тәуелсіздігінің 21 жылдығы құрметіне сөйлеген сөзінде Н.Назарбаев мемлекетті одан әрі индустрияландыру жоспарын жасауды тапсырды.

«Үкімет индустрияландыру бағдарламасының келесі фазасының егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеуі тиіс. Стратегия 2050-ді қамтамасыз ету оның басты міндеті деп санаймын», - деді Н.Назарбаев - «нәтижесінде, экспорттың жалпы көлеміндегі шикізаттық емес экспорттың үлесі 2025 жылға қарай екі есеге, ал 2040 жылға қарай үш есеге ұлғаюы тиіс». Оның айтуынша, елдің «жасыл» экономикаға көшуіне алдағы «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесі қуатты серпін беруі тиіс.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті алдағы екі жылда жаһандық экономика жүйесі елеулі іркілістерге ұшырауы мүмкін екенін ескертіп, Қазақстан бұған әзір отыруы қажеттігін атап өтті. «Жаһандық экономикалық жүйе «2013-2014 жылдардың өзінде елеулі іркіліске ұшыратып, атап айтқанда, шикізатқа әлемдік бағаның құлдырауын туғызуы мүмкін. Біз үшін мұндай көрініс аса тиімді бола қоймайды», - деді ол. - «Осыған байланысты біз халықаралық ахуал дамуының кез келген көрінісіне жан-жақты дайын болу үшін биліктің барлық тармақтарының, мемлекет пен қоғамның ойластырылған, келісілген және үйлестірілген бағытын тұжырымдауға тиіспіз»., - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.