«Ешкімнің де жекеменшікті тартып алуға құқы жоқ. Мен бұл жайында қаншама рет айттым ғой! Біздің құқық қорғау органдары ұмытып кете береді. Өйткені, олар үшін жекеменшікті тартып алу тиімді», - деді Н.Назарбаев.
Сонымен бірге Мемлекет басшысы Қазақстанның дамудың нарықтық жолын таңдағандығын баса айтып өтті. «Осы ережелермен өмір сүрейік, сондай заңдар қабылдайық», - деді Елбасы.