Н.Назарбаев ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтарды тапсырды

Аталған сыйлықтар «Математика және математикалық модельдеу институты» РМК бас директоры Т.Кәлменовке, «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрағасы С.Ақшолақовқа, «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ-ның бөлімше меңгерушілері Т.Керімбаевқа, Е.Махамбетовке, А. Нұрпейісовке, М. Рабандияровқа, Н.Рыскелдиевке, «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі АҚ «География институты» ЖШС директоры А.Медеуге, осы институттың бас ғылыми қызметкері Ф.Ақияноваға, зертхана жетекшісі В.Благовещенскийге, бас менеджері И.Мальковскийге, бас ғылыми қызметкері Э.Нұрмамбетовке, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті География және экология ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы Ә.Бейсеноваға, «Қазморгеофизика» АҚ-ның ғылыми жұмыстар жөніндегі кеңесшісі М.Қонаевқа табысталды.

Атап айтқанда, мұндай мемлекеттік наградаға «Қарақат» мектеп студиясының бас директоры Қарақат Әбілдина, «Мюзикола» дуетінің солисі Карина Абдуллина, әртіс Нұрлан Әлімжанов, «Астана балет» хореографиялық ұжымының бас балетмейстері Алила Әлішева, «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» ҰАҚ бас директоры Ерлан Бекқожин лайықты деп танылды.


Сонымен қатар "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» АҚ балет әртісі Тайыр Гатауовқа, «Ақмола облыстық филармониясы» МКҚК К. Күмісбеков атындағы халық аспаптар оркестрінің дирижері Дәурен Ғылымовқа, «Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» ММ-нің профессоры Смағұл Елубаевқа, «Жұлдыз» журналының бас редакторы Ұлықбек Есдәулетке, сондай-ақ «Қазақ Ұлттық өнер университеті» ММ доценті Сембек Жұмағаливке тапсырылды.

Бұған қоса аталған мемлекеттік наградамен  «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет тетары» АҚ балет әртісі Сержан Кәуіков, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ актрисасы Венера Нығматулина, «Орталық мемлекеттік кино құжаттар және дыбыс жазбалар мұрағаты» РММ директоры Алла Сейітова, Қазақстан дизайнерлер одағының президенті Тимур Сүлейменов, «Қ. Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры» РМК драма тобының жетекшісі Ялкуньжан Шамиев марапатталды.