Н.Назарбаев: «Көзбояушылықты қою керек!»

Бұл министрлер мен облыс әкімдерінің кіре-берісте көліктерін тастап, жаяу баратын еліміздегі жалғыз стратегиялық нысан. Ал Ақордаға Үкімет мүшелерін тегіс жинап, кеңес өткізген Елбасы бірден сыннан бастады. Себебі  жарнамасы жер жарған мемлекеттік бағдарламалардың саны көп те, сапасы жоқ. Құрдымға кеткен. Одан қалды биыл бюджеттен бөлінген 170 млрд. теңге игерілмей қалыпты. Аймақтарда мектеп пен балабақша тұрғызу бизнеске айналған. Бағасын екі есе көтеріп, миллиондаған теңгені шашуға әуес.  Мәселен, біздің арнамыздан көрсетілген Ақтөбе облысы, Шалқар қаласындағы шенеуніктердің әрекеті бүгін президенттің ашуын туғызды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Например, Шалкарском районе Актюбинской области детский сад оченичная цена 175 млн. было приобретено 2 раза дороже цены. Таких примеров много. Что смотрите вообще, чем занимаетесь незнаю!

Осындай олқылығы үшін таяқтың ұшы Атырау облысының әкіміне де тиді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Бақтықожа, ақша қайда? Бір облыста отырып екі мектеп, бір аурухананы бақылай алмасаңдар. Мына мемлекеттің, елдің ақшасын менен басқа қарайтын адам жоқ па бұл елде? Бұдан кейін қалай ақша береміз сендерге? Отыр.

Президент инновациялық-индустриалды бағадарламаның орындалу барысын да сынға алды. Өйткені, біртүрлі өнім шығаратын зауыт бірнеше облыстан ашылған. Шикізат жоқ, өнімі де өтпей жатыр. Бұл жерде Нұрсұлтан Назарбаевтың премьерге дүрсе қоя берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- В Караганде например, завод по производству, самолета «Фермер» который с большой гордостью в свое время Серик Ныгметович показывал, выпустил всего один аэроплан. И то говорят не летает, сел на одно крыло. Зачем такая показуха нужна?

Сондай-ақ Елбасы екінші деңгейдегі банктердің халыққа оңды- солды несие тарата бастауын сынға алды. Осы кезде шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру 13 пайызға төмендепті. Және арақ шығаратын зауыттарға лобби жасадыңдар деп Министрлер кабиенетін кінәлады. Себебі ішімдікке акциздік салықты көтеретін заң жобасы неге екені белгісіз, 2015 жылға бір-ақ  шегерілген.


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Хорошо проработали алькогольные бороны. Серік Нығметович и с тобой поработали. Не надо ничего обьяснить...

Сонымен қатар президент бизнесті тексеруін тоқтатпаған органдарды жемтік іздеген аш қасқырларға теңеді. Олқылық үшін Бас прокурор мен Жоғары сот төрағасы сөз естіді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Неге кіріседі? «Біз қарап жатырмыз Нұрсұлтан Әбішұлы». Түк те қарап отырған жоқсың. Отыр.

Кеңесте «Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі» басшыларының былығын  Нұрсұлтан Назарбаев қатты сөкті. Өйткені банкирлер кезекте тұрған отбасыларға берілуі тиіс пәтерлерді туыстарына бөліп берген. Тәртіп орнатуды талап еткен ол айыптыларды қатаң жазалауға пәрмен берді. Қысқасы, мемлекет басшысы Үкімет пен мен облыс әкімдерін жұмыс істеуді қойдыңдар деп 4 сағат бойы құтын қашырды. Министрлер кабинетінің тоғыз ай бойы тындырған ісіне көңілі толмай, кемшіліктерін жіпке тізіп берді. Ал Елбасының сынынан командасымен есеңгіреп қалған премьер бір ауыз сөзбен құтылды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Ты можешь разобраться Серік.Разберемся.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев шенеуніктерге аузына келгенді айта салмай, тілдеріңе ие болып жүріңдер деп қатал ескертті. Бұл зілді сөз әсіресе, білім министрі Аслан Сәрінжіповке қарата айтылған еді. Өйткені жаңа министр ұлттық тестілеу алынады деп елді дүрліктіріп қойған болатын. Президент кезекті реформаға сол жерде қарсылығын білдірді. Ал Елбасыдан сөз естіп шыққан Үкімет мүшелері мен әкімдер тапсырманы бұлжытпай орындауға уәде беріп тарқасты.