Н.Назарбаев пен А.Гүл Қазақстан-Түркия ынтымақтастығын талқылады

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Кездесу барысында Қазақстан-Түркия ынтымақтастығының ахуалы, оның түрлі саладағы дамуының басты бағыттары талқыланды.

Сонымен қатар А.Гүл Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен және Астана күнімен құттықтап, елімізге игілік пен бақ-береке тіледі.