Бұл туралы бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 5-ші съезінің жалпы отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
Елбасы өз сөзінде әлемдегі барлық дін ұстамдылыққа, шыдамдылыққа, зорлық-зомбылыққа бой алдырмауға, келісімге шақыратындығын атап өтті.
«Қасиетті Құранда: «Қандай да бір адамды өлтірмеген, жер бетінде бұзақылық жасамаған жанды нақақ өлтірген адам, барша адам баласын өлтіргенмен тең» деген сөз бар. Мұндай үндеу христиандық жаңа Інжілде де айтылады», - деді Елбасы.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы көне үндістандықтардың упанишадында да адамды адамгершілікке шақыратындығын атап өтті.
«Онда «шөпті жұлғанда, ғаламшар тітіркенеді» делінген. Адамның сүйіспеншілігін, рақымшылығын, қайырымдылығын оятар болса, нағыз дін сол», - деді Н.Назарбаев.