іске қосылуы Еуразиялық аймақ үшін маңызды оқиға болмақ. Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен келіссөздер жүргізу кезінде айтты.
«Көлік саласында ынтымақтастық орнату мүмкіндігі зор. Қазақстан-Түркіменстан-Иран темір жол магистралінің іске қосылуына үлкен мән береміз. Ертең біз ирандық әріптесіміз Хасан Руханимен Еуразиялық континент үшін маңызды оқиға болып табылатын темір жолдың ашылу салтанатына қатысамыз», - деді Н. Назарбаев.
Елбасы бұл жолдың іске қосылуы елдеріміз үшін Солтүстік және Оңтүстік бағыттарда жүк тасымалдау көлемін арттыратынын атап өтті.
Еске сала кетейік, Қазақстан 2007 жылы 16 қарашада Қазақстан, Түркіменстан және Иран Президенттері қол қойған декларацияның және жобаға қатысушы елдердің үкіметтері қол қойңған үш жақты келісімнің барлық талаптарын орындады. Түркіменстан аумағындағы Қазақстанға бағытталған темір жол учаскесінің 444 км құрылысы аяқталды. Иран бағытына қарай жол учаскесіндегі (256,5 км) жұмыстар 2013 жылдың қаңтарында басталды. Онда Түркіменстан темір жол көлігі министрлігі өз күшімен 1,5 жыл құрылыс жұмыстарын жүргізді.
Темір жолдың Иран аумағындағы учаске (82 км) 2013 жылдың мамыр айында аяқталған. Қазіргі уақытта станса жолдарының және қызметтік-техникалық мекемелер мен ғимараттардың құрылысы жүргізілуде (4 станса жолы салынды, тағы төртеуінде жұмыстар аяқталуға жақын).
2014 жылдың 3 желтоқсанында «Қазақстан-Түркіменстан-Иран» темір жолының (928 км) түркімен-ирандық (Берекет - Гөрган) бөлігінің ашылу салтанаты өтеді. Оған үш мемлекеттің басшылары қатыспақ. Қазақстандық (146 км) және ирандық (82 км) темір жол учаскелеріндегі құрылыс жұмыстары аяқталды.