«Алдағы уақытта бізде ауқымды шара - Астанада ЭСКПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу міндеті тұр. Барлық қызығушылық танытқан елдерді құрылыс, ұлттық павильондарды және басқа да нысандарды салуға қатысуға шақырамыз», - деді Н.Назарбаев.
Сонымен бірге Мемлекет басшысы Үдемелі индустриялық-иннвовациялық даму мемлекеттік бағдарламасы қолға алынған соңғы 5 жыл ішінде Қазақстан өнеркәсібіне салынған шетел инвестицияның көлемі 112 млрд. долларға жеткендігін атап өтті.