Caravan Logo

Н.Назарбаев ШЫҰ-ның ТЖ жөніндегі кеңесін құру керек деп есептейді

Н.Назарбаев ШЫҰ-ның ТЖ жөніндегі кеңесін құру керек деп есептейді

«Ресей мен Қазақстандағы өрттер, Жапонияда болған жер сілкінісі төтенше жағдайлар жөніндегі орталық құру қажеттілігін қуаттайды. Әріптестеріме төтенше жағдайлар жөніндегі кеңес құруды ұсыну орынды деп есептеймін», - деді Н. Назарбаев сәрсенбі күні ұйымның мерейтойлық саммитінде.

Сондай-ақ, ол тұрақты түрде қызмет ететін ұлтүстілік болжау институтын құрып, барлық ұлттық болжау ресурстарын біріктіріп, ШЫҰ-ның бірыңғай болжам жасау орталығын құруды ұсынды.

«Күшімізді біріктірсек, біз ШЫҰ-ның 2030-2050 жобалық болжамдарын жасай аламыз, бұл жаһандық экономикалық дағдарыстарға қарсы тұру үшін қажет», - деді ол.