Н.Назарбаев Сочидегі XXII қысқы Олимпиадалық ойындардың ашылу рәсіміне қатысуда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Твиттерде хабарлады.

Қазақстан спортшылары қысқы Олимпиадаға дербес команда ретінде алтыншы рет қатысқалы отыр. Сочидегі Олимпиадалық ойындарға қатысу құқығын спорттың 10 түрінен 52 атлет жеңіп алды.

17 күнге созылатын жарыста спорттың 15 түрінен 98 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.