Ішкі Істер министрі Қалмұханбет Қасымов кездесуге тыңғылықты әзірленген. Қылмыспен күресіп, көлік апатын азайтуға күш салып жатқанын ұзақ әңгімеледі. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Сириядағы соғысқа қарағанда, елімізде жол апатынан жүздеген адамның өмірі қиылып жатқанын ашына айтқан болатын. Осы сыннан кейін шұғыл іске кіріскен министрлік қолданыстағы заңға өзгерістер енгізіп жатыр. Сондай-ақ бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Мәдениет және ақпарат министрін де қабылдады. Елбасы Мұхтар Құл-Мұхаммедке отандық арналардағы бағдарламалардың мазмұнына мән беруді жүктеді.